KZNews.kz
Қоғам

Арада 5 бала бар - өз әйелін түлектер кешінен кейін атып тастаған ер адам 18 жылға сотталды

Торғын Абушахман

Ош облысының Өзген аудандық соты 38 жастағы Айзирек Ералиеваны түлектер кешіне барғаны үшін атып өлтірген күйеуін 18 жылға соттады, деп хабарлайды Kznews.kz 24 kg-ға сілтеме жасай отырып.

2025 жылғы 31 шілдеде шыққан сот үкіміне сәйкес, А.Б.К. есімді азамат келесі баптар бойынша кінәлі деп танылған:

Сот күдіктіге 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 100 мың сом көлемінде айыппұл салды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 мамырда болған. Қара-Кұлжа ауданында тұратын Айзирек Ералиева күйеуімен бірге мектептегі 20 жылдық түлектер кездесуіне қатысқан. Оны жұбайы кештен соң ұрып-соғып, атып өлтірген.

Олардың 5 баласы бар. Айзирек Ералиеваның үлкен ұлы - 17 жаста, Бішкектегі колледжде оқиды, екінші ұлы - 9-сыныпты аяқтаған, үшінші баласы - 11 жаста. Екі қызының бірі - 7, екіншісі - 4 жаста.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →