Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Араб полицейлері түйеге көшті

Араб полицейлері түйеге көшті

Астана. 12 желтоқсан. KAZISLAM – Абу-Дабу әмірлігі полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Криминалды қауіпсіздік департаментіндегі арнайы патруль бөлімі штатында түйелерді қызметке пайдалану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Gulf News.

Абу-Даби полициясының басшысы генерал-майор Мохаммед Халфан аль-Ромати ақпаратты растап, бұл бастама Біріккен араб әмірлігінің мұралар күнін мерекелеу қарсаңында туғанын жеткізді.

«Полицейлер қылмыстардың алдын алу және қоғаммен байланыс орнату бойынша өз қызметтерін орындау үшін озық стандарттарға сәйкес оқулардан өтті» дейді полиция басшысы.

«Біз Абу-Дабидің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш саламыз және әмірліктегі қауіпсіздік деңгейін көтерудің барлыұ мүмкіндіктерін қолдануды жалғастырамыз» дейді ол.

Еске салсақ, Абу-Дабимен іргелес Дубай қаласында 2017 жылдың маусым айынан бері әлемдегі ең биік Burj Khalifa ғимараты маңында робот-полицейлер қызмет етеді.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Әлихан