Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Араб елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау басталады

Араб елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау басталады
Фото: gov.kz

Көлік министрлігі 3 наурыздан бастап Араб елдеріндегі қазақстандық туристер елге орала бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашқы рейстерді Flydubai және Air Astana әуе компаниялары орындайды.

"Flydubai әуе компаниясы Дубай – Алматы және Дубай – Астана бағыттары бойынша рейстерді іске қосады. Жалпы саны 340 турист елге жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Ал Air Astana Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды көздеп отыр. Дегенмен бұл рейстерді жүзеге асыру үшін Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсаттар алынуы қажет", – делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, Air Astana 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта екі репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта екі рейс орындауды жоспарлап отыр. Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер негізінде жүзеге асырылады.

Қазір тиісті ведомстволар мен әуе компаниялары азаматтарды елге қауіпсіз жеткізу бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі