Әлем

Араб елдері Трампты шабуыл жасамауға және «Иранға мүмкіндік беруге» көндірді

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
Араб елдері Трампты шабуыл жасамауға және «Иранға мүмкіндік беруге» көндірді
Фото: Ашық дереккөзі

Сауд Арабиясы, Қатар және Оман билігі АҚШ президенті Дональд Трампты Иранға шабуыл жасаудан бас тартуға көндірген. Бұл туралы AFP агенттігі Сауд үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

«Парсы шығанағындағы үш ел президент Трампты Иранға өздерінің ізгі ниетін көрсетуге мүмкіндік беруге көндіру үшін соңғы сәтте ұзақ әрі шарасыз дипломатиялық күш-жігер жұмсады», – деді шенеунік.

Оның айтуынша, елдер «қол жеткізілген сенімді нығайтып, қазіргі оң ахуалды сақтап қалу» үшін АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Бұған дейін The Wall Street Journal газеті Сауд Арабиясы бастаған араб мемлекеттері АҚШ билігін Тегеранға соққы жасаудан тартынуға шақырғанын жазған. Олар Ирандағы режимді құлатуға талпыныс мұнай нарықтарында күйзеліс туғызып, ақыр соңында АҚШ экономикасына зиян келтіреді деп мәлімдеген.

Иранның Пәкістандағы елшісі Реза Амири Могадамның айтуынша, Дональд Трамп Тегеранға елге шабуыл жасамайтынын алдын ала хабарлап, жауап ретінде сабыр сақтауды және аймақтағы америкалық нысандарға соққы бермеуді сұраған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz