Ақуыз - органикалық дүниенің материалдық негізі
28.12.2020
08:15
0
3
Тақырыбы: Ақуыз - органикалық дүниенің материалдық негізі
Жоспар
1820 жылы француз ғалымы А.Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы-глицинді алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы-треонин фибрин ақуыздың құрамынан 1935 жылы алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына кіретін 20 аминқышқылын ашуға 130 жыл уақыт кетті.
- Ақуыз - органикалық дүниенің материалдық негізі
- Ақуыздарға түсініктеме
- Жәй ақуыздар
- Ақуыз – органикалық дүниенің материалдық негізі
- Ақуыздың құрылысы
- Аминқышқылының құрлысы
- Ақуыздың қасиеті және атқаратын қызметі
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Ақуыз - органикалық дүниенің материалдық негізі
- Ақуыздарға түсініктеме
- 1. Құрылыстық-бүйірлі радикалдарының құрылысына байланысты аминқышқылдары екі топқа бөлінеді.
- Электрохимиялық-қышқылдық немесе негіздік қасиеттеріне қарай аминқышқылдары үш топқа бөлінеді: қышқылдық (глутамат, аспартат), негіздік (лизин, аргипин, гистидин), бейтарап (басқа қалған аминқышқылдары).
- 3. Биологиялық (физиологиялық) қасиеттеріне қарай аминқышқылдары үш топқа бөлінеді: валин, лейцин, изолейцин, треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофан ауыстырылмайтын, гистидин, аргинин, тирозин жартылай ауыстырылмайтын, ал қалған тоғызы ауыстыруға болатын аминқышқылдарға жатады. Ауыстырылмайтын аминқышқылдар адам организмінде синтезделінбейді, сондықтан осы аминқышқылдардың ақуыздық тағамның құрамында болуы міндетті түрде қажет. Жартылай ауыстырылмайтын аминқышқыддарднң елу пайызы организмде синтезделеді де, қалған пайызы тағам арқылы қанағаттандырылады, ал ауыстыруға болатын аминқышқылдары организмде керекті мөлшерде синтезделінеді.
- Қазіргі уақытқа сәйкес, ұтымды жіктелуі. Бұл жіктелу, аминқышқылдардың бүйірлі радикалдарының полярлығына, яғни олардың сумен әсерлесу қабілетіне негізделінген. Осы жіктелу бойынша аминқышқылдары физиологиялық рН ортасында төрт классқа бөлінеді:
- Полярсыз (гидрофобтық);
- Полярлы (гидрофильді зарядсіз, яғни ион түзбейтін);
- Теріс зарядталынған (физиологиялық рН мағынасында ион түзетін);
- Оң зарядталынған (физиологиялық рН мағынасында ион түзетін).
- Жәй ақуыздар
- Ақуыз –Органикалық дүниенің материалдық негізі
Аминқышқылдары | Қысқарылған аты | Аминқышқылдары | Қысқарған аты |
Аланин Аргинин Аспарагин Аспарагин қышқылы Валин Гистидин Глицин Глутамин Глутамин қышқылы Изолейцин | Ала Арг Асп Асп Вал Гис Гли Глн Глу Иле | Лейцин Лизин Метионин Пролин Серин Тирозин Треонин Триптофан Фенилаланин Цистейн | Лей Лиз Мет Про Сер Тир Тре Три Фен Цис |
- Ақуыздың құрлысы
- Аминқышқылының құрлысы.
- Ақуыздың қасиеті және атқаратын қызметі
- Ақуыз құрлыс мотериалы болып табылады. Жасуша мен цитоплазма органоитардың жарғақшалары ақуыздан құралған.
- Көптеген ақуыз- ферменттер катализаторлық қызмет атқарады. Олар жасушадағы химиялық реакциялардың жүруін ондаған, жүздеген, тіпті миллион есе тездетеді. Ферменттер бірімен-бірі әрекеттесетін қосылыстармен уақытша байланысқа түсіп, реакцияның жүру жолын өзгертеді.
- Ақуыз қозғалысты қамтамасыз ету қызметін атқарады.
- Ақуыз тасмалдау қызметін атқарады. Мысалы, қандағы гемоглобин ақуыз өкпеден сіңіріп алған оттегін дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне таратады.
- Ақуыздың қорғаныштық қызметінің де маңызы зор. Антиденелер деп аталатын арнайы ақуыз ағзаға келіп түскен бөгде заттарды залалсыздандыра алады.
- Ақуыздың ерекшк бір қызметі-хабар беру. Жасуша жарғақшасының сыртқы қабатында орналасқан ақуыз молекулалары сыртқы орта жағыдайларының жағымсыз әсерінен өздерінің төртінші, үшінші реттік құрлымдарын өзгерте алады. Мұны сыртқы орта жайында жасушаға берілген хабар немесе бұйрық деп түсіну керек.
- Ақуыз, басқа да қосылыстар тәрізді, энергиялық қызмет атқарады. Жасушадағы ақуыз аминқышқылдарына дейін, ал аминқышқылдарының біразы одан әрі өте қарапайым заттарға дейін ыдырайды. Осының нәтижесінде ыдыраған әр грамм ақуыздан 17,6 кДж энергия басып шығады. Міне, ақуыздың осыншама сан алуан қызмет атқаруы олардың тіршілік, үшін аса маңызды органикалық қосылыстар екенін дәлелдейді. Сондай-ақ бақшадағы топырақтың құрамын құнарландыратын бактерия жасушасындағы биокатализатор- ақуыз болып табылады. Ең алдымен, ақуыз азық ретінде қажет. Ол-біздің ағзамыз үшін қуат көзі, ал денсаулық ақуыздың мөлшеріне тікелей байланысты. Ақуыздың тамақ құрамында жетіспеуі әр түрлі ауруға әкеліп соқтырады.
- Жасушадағы әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізетін биокатализаторлар-ферменнттер.
- Жасуша ішіндегі белгілі әрекеттерді реттеуге қатысатын ақуыз-гормондар.
- Жасушаны немесе ағзаны қорғайтын түрі.
- Сапасы жоғарғы қоректік түрі.
- Улы қасиеті бар –токсиндер.
- Заттың тасымалдануын қамтамасыз ету.
- Бұлшықеттің жиырылуын іске асыратын ақуыз.
- ДНҚ-ның «әкімшілік» қызметін реттейтін және вирус қабықшасын құрайтын түрлері болады.
- В.Г.Хражановский, С.Ф.Пономоренко «Ботаника» М-82.
- И.Мухитдинов, Ә.Бегенов, С.Айдосова «Өсiмдiктер морфология-сы мен анатомиясы» А-93.
- Е.Агелеуов, К.Дөненбаева, К. Агитова, С.Ишанқұлова «Өсiмдiк-тер анатомиясы мен морфологиясы» А-98.
- Ә.Ә.Әметов «Ботаника» А-2000.
- Н.С.Киселева «Анатомия и морфология растений»
- Н.Н.Чернова, А.М.Былова «Экология» М-81.
- В.Г.Хражановский «Курс общей ботаники» М-82
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ