KZNews.kz
Жаңалықтар

Ақтүтек боранда жолда қалған 73 адам қауіпсіз жерге жеткізілді

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін

Жетісу облысында 9 ақпанға қараған түні ақтүтек боран салдарынан жолда тұрып қалған көліктерден 73 адам құтқарылды, деп хабарлайды kznews.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Кербұлак ауданындағы республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Қоктал» автожолында ТЖМ құтқарушылары 71 адамды, оның ішінде 10 баланы қауіпсіз жерге шығарған.

«Қарда 19 жеңіл көлік пен 2 жүк көлігі тұрып қалған болатын. Барлық құтқарылған адамдар Сарыөзек ауылына жеткізілді. Сондай-ақ, жолдың тазартылған учаскесіне 15 жеңіл автомобиль сүйретілді, оларда 38 ересек адам болды - олар өз бетінше қозғалысты жалғастырды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Алакөл ауданында «Ұшарал – Достық» автожолында, Коктұма стансасынан 10 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған жеңіл көліктен 2 адам құтқарылып, Коктұма стансасына жеткізілген.

Құтқарылған азаматтардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмағаны нақтыланды.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →