Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбелік әйел жеті жасар қызының қалай көз жұмғанын айтып берді - новости Казахстана

Ақтөбелік әйел жеті жасар қызының қалай көз жұмғанын айтып берді - новости Казахстана
Ақтөбеде белгісіз жағдайда көз жұмған жеті жасар бүлдіршіннің анасы қызының өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Осындай қайғылы жағдай отбасында екінші рет болып отыр екен. Сегіз баланың анасы осымен екі қызынан айрылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Ақтөбеде жеті жасар қыздың қалай қайтыс болғанын анасы айтып берді
Ақтөбеде жеті жасар қыздың қалай қайтыс болғанын анасы айтып берді

Динара Баймағамбетова. Фото: nur.kz

Динара Баймағамбетова 7 жасар қызының күні кеше қалай қайтыс болғанын айтып берді.

"Сол күні таңда қызым сергек жүрді. 3 қараша демалыс күні болатын. Қызымның қызуы көтеріле бастады. Қызуы түстің кезінен бастап 39,6-дан түспей қойды. Мен оны өледі деп ойлаған жоқпын. Ол дәрігер келгенше жата тұрайын деп күліп жатты. Сол күліп жатып талып қалды", - дейді анасы Динара Баймағамбетова.

7 жасар оқушы қыздың өлімін "механикалық асфиксия" деп берген. Яғни бала дәрігерлер келгенше тілін жұтып қойған.

"Соңғы кезде қызым тұйық болып кетті. 2011 жылы үлкен қызым 5 жасында қайтыс болған еді", - дейді анасы.

Келіншектің төрт ұл, төрт қызы бар. Келіншек санитар болып қызмет жасайды. Қазір бала күтімімен үйде отыр.

Естеріңзіге сала кетсек, бұған дейін үйінде қызуы көтеріліп, ес-түссіз құлаған бүлдіршіннің жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары