Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбедегі ХҚКО-да "көмекшілердің" өз кабинеттері болған: ұстау сәтінен видео жарияланды

Ақтөбедегі ХҚКО-да "көмекшілердің" өз кабинеттері болған: ұстау сәтінен видео жарияланды
Фото: видеодан алынды

Ақтөбедегі ғимараттардың бірінде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 сәуірде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы ғимараттардың бірінде заңсыз делдалдық қызметпен айналысқан бір топ тұлғаның қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Жедел мәліметтерге сәйкес, күдіктілер жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу барысында жалған құжаттарды пайдаланып, ақылы түрде заңсыз қызмет көрсеткен.

Алдын ала анықталғандай, олар Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқан.

Аталған дерек бойынша жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктілердің әрекеттерін толық құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Құқық қорғау органдары азаматтарды құжаттарды тек ресми көздер арқылы рәсімдеуге және "делдалдар" қызметіне жүгінбеуге шақырады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі