Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер бір аптадан бері табылмай жатыр (фото) - новости Казахстана
16.11.2018
18:20
0
16

Ақтөбеде бір апта бұрын балшыққа батып тұрғанын айтып, көмек сұраған кәсіпкер әлі табылмай жатыр. Туыстары Кенжебай Алдашевқа қатысты сенімді ақпарат жеткізген адамға сүйінші беруге дайын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
"Үмітпен бақсы-балгерлерге барып жатырмыз. Бәрі тірі деп отыр. Тек бір ғана адам "сай түбінде жатыр" деді. Жолдасым туралы қандай да бір нақты ақпарат айтқан адамға сыйақымыз бар. Сенімді ақпарат үшін 1 млн теңге беруге дайынбыз. Қазіргі күні ең болмаса денесі табылса екен деген тілекте отырмын. Балаларының алдында денесін арулап қойғым келеді. Жамандыққа қиып, үмітімді үзгім де келмейді. Ол отбасын ойлайтын азамат, үйден шығып жүре бермейді. Фермада болған күннің өзінде күнделікті хабарласып тұрады", - дейді жұбайы Ғалия Алдашева.
"Жолдасым кешкілік ферма жақтан шығып, дүкеннен нан мен темекі алуға кеткен адам. 10 қараша күні таңғы сағат төрттен кейінгі уақытта көмек сұрап, жездеме хабарласқан. "Мені құтқарыңдаршы, аяғымды балшықтан шығара алмай жатырмын, тоңдым. Талдан ұстап, шыға алмай тұрмын" деген. Ол кісі жанұшыра құдамызға хабарласқан. Құда мен жездем бір сағаттың ішінде айтқан жеріне барған, таппаған. Жолдасым жездеме бір сағаттан аса үздіксіз қоңырау соққан. Бірақ, байланыс үзіліп кетіп, сөйлесе алмаған. Шамасы телефон қуаты бітіп жатса керек. Үш баламның әкесі табылса деген тілекте отырмын", - дейді Ғалия Алдашева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ