Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде қырылған киік саны 108-ге жетті

Ақтөбеде қырылған киік саны 108-ге жетті

Қайрақты өзенінен 108 киіктің өлексесі табылды. Мамандар оны залалсыздандырып, көмді.
Әйтеке би ауданы аумағындағы Қайрақты өзенінде 108 киік өлексесі табылды. Оның 60-ы аталық, 48-і аналық. Киіктің бәрі өзеннен шығарылып, көмілді.

    — Сол жерден 10 мың киік өткен. Өзенде қазір су азайған, бірақ терең су қалған. Киік су ішуге келген. Екінші жақ басы қамыс, содан өте алмай қалған. 10 мың киікті елестетіңіз, бір-бірін таптап тастайды. Біздің болжам, тұжырым осы. Сонымен бірге облыстық экология департаменті судан сынама алды. Ветеринария саласының мамандары да сынама алып, сараптама жүргізіп жатыр. Сараптама қорытындысын қосымша хабарлаймыз. Адам зардап шеккен жоқ. Ол жерде 22 адам, 8 техника жұмыс істеді, — деді Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев. 

Оның айтуынша, Ақтөбеде киік саны 300 мыңнан асады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбенің Қайрақты өзенінде киік өлексесі табылды. Оқиға орнына бірден мамандар барды. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.