Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде немересі, оны құтқармақ болған атасы да суға кетті

Ақтөбеде немересі, оны құтқармақ болған атасы да суға кетті
Фото: magnific.com

Ақтөбе облысында атасы мен немересі суға батып көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы оқиға Бестамақ ауылындағы Елек өзенінде болған. Куәгерлер судан 61 жастағы ер адам мен 17 жастағы бозбаланың денесін алып шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім өзеннің таяз тұсымен жаяу өтпек болған. Алайда су астындағы терең шұңқырға түсіп кетіп, ағысқа қарсы тұра алмай қалған.

Немересінің көмекке шақырғанын көрген атасы оны құтқару үшін бірден суға секірген. Өкінішке қарай, егде жастағы ер адам да ағысқа төтеп бере алмай, екеуі де суға батып кеткен.

Полицияның мәліметінше, оқиға болған аумақта «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгісі орнатылған. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құтқару қызметі тұрғындарды арнайы рұқсат етілмеген және қауіпті аумақтарда суға түспеуге, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.