Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде менингит жұқтырған оқушының жағдайы ауыр

Ақтөбеде менингит жұқтырған оқушының жағдайы ауыр

Ақтөбеде менингит жұқтырған 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ол мектепте карантин жарияланды.

«Оның менингит жұқтырғаны жайлы біз 3 желтоқсанда білдік, демалыс болатын. Сол күні емхананың сұранысымен біз сол сыныпта оқитын 21 оқушы мен сол сыныпқа сабақ беретін 12 мұғалімді тексерістен өтуге жібердік. Нәтижесін бүгін ғана алдық. Баланың 26 қарашада ауырғаны анықталды. Ол сабаққа 1 желтоқсанға дейін келіп жүрді, ештеңе байқамадық. Барлық сабаққа қатысып жүрді, температурасы да болған жоқ», – дейді №20 мектептің директоры Бағдат Орымбаева.

Директордың айтуынша, ол оқушының ата-анасымен күнделікті байланыста.

«Әкесінің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты ауыр. Бірақ қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінен ауыстырылды, палатада жатыр», – деді Орымбаева.

Дереккөз: sn.kz

Автор
Жандос