ка

Ақтөбеде көлік жуушылар жарысып, апатқа ұшырады

02.06.2019 16:02
0
36
Ақтөбеде көлік жуушылар жарысып, апатқа ұшырады

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алды, олардың бірі – кәмелетке толмаған жолаушы

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Ақтөбеде көлік жуу орталығының екі қызметкері бөтен біреулердің Toyota Camry және Hyundai автокөліктерімен жарысқан.

Хобда тас жолында олар бір-бірімен соқтығысып, үшінші ВАЗ автокөлігін қағып кеткен, деп хабарлады "Мой ГОРОД" жергілікті басылымы.  

Қостанайда көлік жуу бекетінің жұмысшылары BMW көлігінің күл-талқанын шығарды

Апат салдарынан үш автокөлік қирап, 2 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі Hyundai автокөлігін айдап әкеткен жүргізуші болса, екіншісі – "ВАЗ-да" отырған кәмелетке толмаған жолаушы.

Тағы оқыңыз: Алматыда төрт жасөспірім көлік айдап әкетіп, жол апатына ұшырады

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы "Автокөлікті немесе басқа көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша іс қозғалды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий