Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысындағы жол апаты: төрт мұғалім көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе облысындағы жол апаты: төрт мұғалім көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе облысы Қобда ауданы аумағында кеше болған жол апатынан төрт мұғалім көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Самара-Шымкент автожолы бойында «Лада Ларгус» автокөлігі «DAF» жүк көлігімен соқтығысты.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнында жеңіл көлікте отырған Орал қаласындағы №47 мектептің педагог-дефектологы, Бәйтерек ауданы Новенький мектебінің дефектологы және Казталов ауданы К.Меңдәлиев атындағы мектептің логопеді қайтыс болды.

Оған қоса Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауруханада дүниеден өтті.


«Сонымен қатар Орал қаласындағы №5 орта мектепте логопед болып жұмыс істейтін 27 жастағы қыз және Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектеп-бөбекжай-балабақшасының педагог-дефектологы, 46 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қаза болған және жол апатынан зардап шеккен педагогтердің отбасыларына қалалық, аудандық білім беру бөлімдері, мектептер және кәсіподақ тарапынан көмек көрсетілуде» деп хабарлады ведомстводан.

Фото: Ақтөбе облысы ПД

Автор
Данияр