"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында автобустың қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған ЖКО болды

Ақтөбе облысында автобустың қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған ЖКО болды

Жол апатының нәтижесінде үш адам қаза тауып, тағы 10 адам ауруханаға түсті.

Ақтөбе облысында күзет фирмасының қызметкерлерін тасымалдаған "ПАЗ" автобусы "Урал" су тасығыш көлігімен қақтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, автобус пен жүк көлігінің қатысуымен адам өліміне әкеп соқтыған жол апаты таңғы сағат сегіздер шамасында Мұғалжар ауданындағы "Жаңажол-Солтүстік трува" тас жолында орын алған.

-Күзет фирмасының қызметкерлерін тасымалдаған "ПАЗ" автобусы "Урал" су тасығыш көлігімен қақтығысқан. ЖКО нәтижесінде автобус жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында тіл тарпай кеткен, тағы тоғыз жолаушы мен Уралдың жүргізушісі аурухана төсегіне таңылды, - деп атап өтті Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

ЖКО себеп-салдары анықталып жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Бауыржан