KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Ақтөбе облысында ауыл мектебінің оқушысын өлтірді деген күдікпен үшінші адам ұсталды

• Әлихан

Ақтөбе облысында оқушының өліміне байланысты іс бойынша күдіктілер саны артты.  Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазір объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті іс-шаралар кешені жүргізілуде. Уақытша ұстау изоляторына үш кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды", – деді бастықтың орынбасары Ғалым Байжанов.

Ол кінәлілердің әлеуметтік мәртебесі мен туыстық байланыстарына қарамастан, олар жауапқа тартылатынына сендірді. Бұған дейін қайтыс болған оқушының әпкесі марқұмды ұрып-соққан кейбір қатысушылардың мұғалімдердің балалары және құқық қорғау органдарында байланысы бар деп мәлімдеген еді.
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →