Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті

Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті

Ақтөбе облысында алкогольден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті. Бұл бастама өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқықбұзушылық пен тұрмыстық жанжалдардың азаюына оң әсер етіп отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарасты Қияқты ауылында жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен маңызды профилактикалық кездесу өтті. Басқосу барысында ауыл тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан бас тарту бастамасын бірауыздан қолдап, қоғам қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған ортақ ұстанымдарын танытты.

Кездесуге ауыл әкімі, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Жиында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық тәртіпті сақтау және ауылдағы тұрақты әлеуметтік ахуалды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Бүгінде Қияқты ауылында 62 үй, 207 тұрғын бар. Ең бастысы — соңғы бес жыл ішінде бұл ауылда бірде-бір қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық тіркелмеген. Бұл көрсеткіш ауыл халқының ауызбіршілігі мен тәртіпке деген жауапкершілігінің нақты дәлелі ретінде бағаланып отыр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оң нәтижеге тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы, ақсақалдар кеңесінің ықпалы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен полицияның жүйелі профилактикалық жұмысы арқылы қол жеткізілген.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 40 елді мекен алкогольден бас тарту бастамасын қолдап отыр. Мұндай ауылдарда тұрмыстық жанжалдар мен құқықбұзушылықтар азайып, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігі едәуір нығайған.

Кездесу соңында полиция өкілдері ауыл тұрғындарын өзара сыйластықты сақтауға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарау дәстүрін жалғастыруға шақырды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.