Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында әлі де өрт сөндірушілер жүр, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан әкімдік ғимаратына ешкімді кіргізбейді. Оқиға орнында қазір криминалистер, төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге тазалықшылар, электрмен қамтитын мекеменің авариялық қызметі де келді.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жұмыс онлайн болады. Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты да кейінге шегерілді. Әкімдікте орналасқан Ахуалдық орталық та жұмысын уақытша тоқтатты.
    — Ғимаратқа ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Іште комиссия бар. Тексеріс болып жатыр, — деді взвод командирі Азамат Сембаев.

Еске салсақ, кеше кешкілік Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимаратынан өрт шықты. Өрт ауданы 300 шаршы метрді құрады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнында облыс әкімі Асхат Шахаров жүрді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.