KZNEWS.KZ
Спорт

«Ақтөбе» гвинеялық футболшы Ибраима Контені қатарына қосты

• Мадияр

«Ақтөбе» футбол клубы сапына гвинеялық футболшы Ибраима Конте қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы футболшы өнер көрсеткен белгиялық «Остенде» футбол клубы твиттер-парақшасында мәлімдеді.

27 жастағы Конте жартылай қорғаушы, сонымен қатар, вингер болып та өнер көрсетпек.

Гвинея құрамасы сапында 30 ойын өткізіп, екі гол соққан.  


Дереккөз: prosports.kz/kz
Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →