KZNews.kz
Басты тақырып

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың есімі аталды

KZNEWS

Ақтаудағы ұшақ апатынан мерт болған қазақстандықтар туралы ақпарат белгілі болды. Ішінде ана мен бала да бар. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлады.


Құтқару қызметі ұшақ апаты кезінде қаза болған Қазақстан азаматтары бойынша ақпарат берді. Көпшілігі Маңғыстау облысынан екен.

Желіде қаза болғандар туралы ақпарат тарады. Мәселен Гаухар Шаймерденова Астанада нотариус болған екен. Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және ол 10 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын айтады.

Ал Салима Джутаева Қарағандыда стоматолог болып жұмыс істегені белгілі болды.

Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды.

Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақтағы қазақстандықтардың барлығы көз жұмды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары