Ақтаудағы екі айлық сәбидің өлімінің қатысты тың деректер белгілі болды. Отбасының көршілері ерлі-зайыптының ішімдік ішіп, жанжалдан қолы босамайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыптыға көрші тұратындар 32 жастағы әйел күйеуінің қолын пышақпен тілгілеп, жарақат салғанын айтты. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан кейін қазақстандықтар баланың қараусыз қалуы мүмкін деп болжам жасады.
“Күнде айқай-шу, мұндай жағдай жиі-жиі болып тұрады. Ал бізге жұмыстан келгеннен кейін тыныштық керек. Ерлі-зайыпты деген күні-түні ішеді, онымен бір-бірімен қырылады. Өткендері подъезде пышақтап, қолына ұстап жүрді. Қорқамыз”, – дейді тұрғындардың бірі Гүлзира Нарембай.
Олар отанасының үйді жалғызбасты ана ретінде мемлекеттен алған дегенді айтты.
“Түнде ішімдік әкеліп ішіп, таңға дейін шулап, солай жасайды. Енді өзімнің естуім бойынша екі баласы бар деді. Ол екі баласы анасымен тұрады деді. Бұл жақта өз көзімізбен екі баланың кіріп-шығып жатқанын көрген жоқпыз. Келіп тексерсе екен, мұқтаж адамға берсе екен”, – дейді көршілер.
Полиция департаменті бұл отбасының құқық қорғау органдарының назарында болғанын растады. Былтыр қарашада учаскелік инспектор профилактикалық жұмыстар жүргізген. Ал баланың әкесі бір жыл ішінде "тыныштықты бұзу" бабы бойынша төрт рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
“Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Мағыстау облысы полиция департаменті.
Анасы кішкентай сәбиін ауруханаға алып барған. Дәрігерлер тексере келе баланың жүрегі тоқтағанын біліпті. Тәртіп сақшылары әзірге ешкім күдікке ілінбеді деп отыр. Тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Ақтауда екі айлық сәбидің көз жұмғаны туралы жазған едік.4 сәуірде сағат 11:00-де Ақтау қаласындағы бір медициналық мекемеден екі айлық баланың қайтыс болғаны туралы 102 пультіне хабарлама түскен.
Ведомствоның мәліметінше, бастапқы тексеру кезінде баланың денесінде зорлық белгілері анықталмаған. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында кешенді тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
“Тексеру барысында отбасының бұған дейін құқық қорғау органдарының болғаны және учаскелік полиция қызметі оларды жүйелі түрде бақылап келгені анықталды”, – деп хабарлады ведомство.