Ақтауда тұрғын үй ауласында түйесін байлаған азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды жергілікті ақпарат көздері, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желілерде бес қабатты үйдің жанындағы құбырға байланған түйенің видеосы кең тарады. Ерекше көріністі 112_aktau паблигі жариялап, авторы "Түйе кімдікі?" деген сұрақ қойған.
Lada.kz мәліметінше, видео 13-шағын ауданындағы №2 үй маңында түсірілген.
Оқиғаға қала әкімдігі жедел әрекет етіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге жануар иесін анықтаған. Нәтижесінде оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, түйе иесіне қайтарылды.
Полиция мәліметінше, азамат ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапқа тартылып, 3 АЕК көлемінде (12 975 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелген.