KZNews.kz
Қоғам

Ақтауда теміржол өткелінде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысты

Торғын Абушахман
Pexels.com

Ақтауда 2 қаңтар күні таңертең жеңіл автокөлік теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Lada.kz жазуынша, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 9-дан кейін "Гелиос" жанармай құю бекетінің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet көлігін басқарған әйел жақындап келе жатқан тепловозды байқамай, теміржол өткеліне шығып кеткен, соның салдарынан соқтығыс болған.

Соққы салдарынан жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Медициналық мекемеде оның білегінің сүйегі сынғаны анықталып, жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Оқиға фактісі бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу, соның салдарынан көлікке зақым келтіріліп, адам денсаулығына зиян тигізілгені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →