Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда тегін гүлге таласқандар бір-бірін таптап кете жаздады

Ақтауда тегін гүлге таласқандар бір-бірін таптап кете жаздады
Фото: ашық дереккөзден

Ақтаулық тұрғындарға тегін гүл таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады. Себебі дүкен басшысы теңіз жағалауында рұқсатсыз жарнамалық акция ұйымдастырған. Салдарынан халық көп жиналып, науқанның соңы айғай-шуға ұласқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкер тегін гүл таратамын деп соңы нағыз талас болған. Дүкенге келгендер бір-бірін итеріп, таптап өтуден де тайынбаған. Соның кесірінен адамдардың арасында қысылып, ауа жетпей қиналғандары да бар. Алайда ешкім зардап шекпеді.

Жергілікті атқарушы органмен келіспеген бизнес өкілі 86 мың теңге әкімшілік жазаға тартылды. Ол өз қателігін түсініп, көпшіліктен кешірім сұрады.

“Бұған дейін де Ақтаудағы кәсіпкерлерге тегін тарату акциялары болмайтыны ескертілді. Бұған қарамастан кәсіпкер тарапынан немқұрайлық таныту орын алу фактілері бар. Алдағы уақытта мұндай тегін тарату акцияларына жол бермейміз”, – деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Заңғар Оразай. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.