Айта кету керек, бұған дейін Алматы қаласында үстіміздегі жылдың сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен біріге отырып «Sanaly urpaq» жобасы ашылған болатын. Енді бұл жоба еліміздің өзге де аймақтарында жалғасын тауып келеді деген Саян Қылышұлы, университет әкімшілігін, профессорлық-оқытушылық құрамын және студент жастарды жобалық кеңсе жұмысына барынша қолдау көрсетуге, Елбасымыздың алға қойған басымдықтарын жүзеге асыру шеңберінде бір жұдырықтай жұмылуға шақырды.
Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнында «Адалдық дүкені» салтанатты түрде ашылды.
Аталмыш жоба қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құрады және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беретініне сенім мол. Ашылу салтанатына қатысқан студенттер мұндай дүкеннің ашылуына таңданыстарын жеткізіп, жастарға білдірілген сенім үшін агенттіктің аумақтық департаменті және университет ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы