Шоу-бизнес

Ақтауда пластикалық ота жасатқан әйел көз жұмды

Ақтауда пластикалық ота жасатқан әйел көз жұмды
Фото: wikipedia.org

Оқиға 2025 жылдың 3 маусымында жеке клиникалардың бірінде болған. Ақтаулық әйел тыныс алу қиындығына байланысты септоринопластика отасын жасатқаннан кейін қайтыс болды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, дәл осы дәрігер бұған дейін Қостанайдың 22 жастағы тұрғынына да осындай ота жасап, науқас комаға түскен. Олар дәрігерді кәсіби немқұрайлық танытты деп, қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесінде “Medina Plastic Surgery” клиникасында 3 маусымдағы операция кезінде пластикалық хирургия мен анестезиология бойынша лицензия болмағаныанықталды. Клиника лицензияны тек 17 маусымда, яғни әйелдің өлімінен кейін ғана алған.

28 тамызда медициналық мекеменің лицензиясы толықтай жойылып, іс материалдары Астана полициясынажолданды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz