"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда көлік жылдамдығы 40-қа дейін шектелді

Ақтауда көлік жылдамдығы 40-қа дейін шектелді

2018 жылы екі ықшамауданда 89 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам қаза тапқан.

Ақтаудағы 14 және 15 шағын аудандарда көлік жылдамдығы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Енді жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырған жүргізуші әкімшілік жазаға тартылады.

Аталған ықшамаудандар теңіз жағасына жақын салынған. Кісі көп жүретін бұл жерлерде жаяу жүргіншіні басып кету дерегі жиі тіркеледі.

Өзекті мәселе жерасты және жерүсті өтпе жол салумен шешілмек. Бұл жоба қала әкімдігінің қарауында жатыр. Құқық қорғаушылар осы жұмыс жүзеге асса, шектеудің алынып тасталатынын айтып отыр.

"2018 жылы 89 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 5 адам қаза тауып, 92 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Осы 2019 жылы 3 адам қайтыс болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органға 2016, 2017, 2018 жылдары жерасты және жерүсті өтпе жолын салуға ұсыныс жолданды. Қазір сол ұсыныстар қаралуда. Салынатын болса, осы шектеулер алынып тасталады", дейді облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы Тілепберген Селбаев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Санжар