Желіде тарап кеткен бейнежазбадан жыланның көлік капотынан атып шыққанын анық көруге болады. Мамандардың айтуынша, жылан көлік капотына жылу іздеп келген екен.
"Жорғалаушы сарыбас жылан деп аталады. Көліктің капоты жылы болғандықтан, сол үшін сонда кіріп алған. Көлік иесі мүмкін су жағасына барған шығар, жылан бәлкім сол уақытта капотқа кіріп алған болар.Жыланның бұл түрі адамға ешқандай қауіп төндірмейді", - дейді мамандар.