Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда балабақшада бүлдіршінді қатарластары ұрып-соққан

Ақтауда балабақшада бүлдіршінді қатарластары ұрып-соққан

Анасының айтуынша, ол таңертең қызын балабақшаға апарып тапсырған. Кешкісін әжесі немересін алып кетуге барған сәтте, оның денесіндегі көгерген іздер мен жарақаттарды байқап, дереу ата-анасына хабар берген. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылып, бейнебақылау жазбаларын көру талап етілген.

Камерадағы көрініс қыздың анасы Камилә Кабиеваны шошытқан. Онда бірнеше бала бүлдіршінге тиісіп, ұрып-соғып, тістеп, қолын бұрағаны анық көрінеді. Ал бастапқыда тәрбиеші балаларды тыныштандырғанымен, кейін бөлмеден шығып кеткен. Осыдан кейін қалған балалардың әрекеті күшейіп, қыз жалғыз қорғансыз қалған.

Анасының сөзінше, бұл жағдай шамамен 40 минутқа созылған. Сол уақыт ішінде бірде-бір қызметкер бөлмеге кірмеген, баланың айқайына да ешкім жауап бермеген.

- Қызымның денесінде көптеген көгерулер, жарақаттар, тістеген іздер бар. Басынан да соққы алған. Дәрігерлер «ми шайқалуы мүмкін» деп ескертіп, тиісті тексерулер жүргізіп жатыр. Егер балаларды 5 минутқа ғана қараусыз қалдырса, бәлкім түсінер едім. Бірақ 40 минут бойы ешбір ересек жан болмаған, – дейді Камила Кабиева.

Оқиға бойынша полиция «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.