KZNews.kz
Қоғам

Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы бір әскери бөлімде мерзімді қызмет атқарған әскери қызметкер қайтыс болды. Бұл жағдай бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің басшылары болды.

«Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор бекітілді. Тергеудің барысы Бас прокуратура бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің қосымша деректері жарияланбайды», – деп хабарлады ведомство.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →