Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда аңшылыққа кеткен ер адамның өліміне қатысты күмән көбейді

Ақтауда аңшылыққа кеткен ер адамның өліміне қатысты күмән көбейді
Мылтық, қару. Көрнекі фото: Obradovic / Getty Images

Ақтауда аңшылыққа шыққан Аслан Қыдырбаевтың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап іздеп отыр. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің мәліметінше, Аслан Қыдырбаев аңшылыққа шыққаннан кейін үйіне оралмаған. Кейін оның қайғылы жағдайда көз жұмғаны белгілі болған.

Марқұмның туыстары оқиғаның нақты қалай болғанын анықтағысы келеді. Олардың айтуынша, аңшылыққа бірге барған адамдардың түсініктемелеріне қатысты да күмәнді тұстар бар.

Руслан Өтепбай алдағы зерттеуінде оқиға кезінде нақты не болғанын, Аслан Қыдырбаевтың қандай жағдайда қаза тапқанын және сол сәтте жанында болған азаматтардың нені айтқанын анықтауға назар аударатынын жеткізді.

Сонымен қатар журналист бірге болған адамдардың тергеу барысында берген түсініктемелері неге бірнеше рет өзгергенін де көтермек.

"Аңшылық кезінде нақты не болды? Қайғылы оқиға қалай және қандай жағдайда орын алды? Олар неге тергеуге берген түсініктемесін бірнеше рет өзгертті?" – деп жазды Руслан Өтепбай.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер