KZNews.kz
Қоғам

Ақтауда 11-қабаттың балконында ойнаған балалар тұрғындардың зәресін ұшырды

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Куәгерлер түсіріп алған видеода екі кішкентай қыздың балконның шетіне отырып, тепе-теңдікті сақтауға тырысып ойнап жатқаны көрінеді. Балалардың жанында ешбір ересек адамның болмағаны да бейнежазбадан аңғарылады.

Оқиға қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғанын көрсетеді. Мұндай жағдайда кез келген қате қимыл ауыр қайғыға әкелуі мүмкін еді.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауына қатысты 8 оқиға тіркелген. Бұл — 2024 жылдың жылдық көрсеткішінен (5 жағдай) де жоғары.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →