KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақтауда 10-қабаттың терезесінде тұрған бала жұрттың зәресін алды

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатындағы терезенің сыртында тұрған баланы полиция қызметкерлері аман алып қалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Полицияның мәліметінше, «102» арнасына тұрғындардың бірі тұрғын үй кешеніндегі пәтердің терезесінен бала сыртқа шығып, аяғын салбыратып отырғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері баланың сол сәтте терезеден толық шығып, сыртқы жақтауда тұрғанын анықтаған. Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында бүлдіршін қауіпсіз жерге шығарылып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →