Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау тұрғындарының зәресін алған белгісіз жәндіктің не екені анықталды

Ақтау тұрғындарының зәресін алған белгісіз жәндіктің не екені анықталды

Маман оның дала шегірткесі екенін, адамдарға еш зияны жоқтығын айтты

АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Ақтау тұрғыны суретке түсіріп алған белгісіз жәндік дала шегірткесі боksп шықты. Оның адамдарға ешқандай зияны жоқ екен. Бұл туралы республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығының Маңғыстау облысы бойынша басшысы Ералы Ермеков айтты деп жазды Lada.kz.

Оның айтуынша, бұл шегіртке түрінің ересектері лимон түстес сары-жасыл, ал жалғыз жүретіндері шөпке ұқсас жасыл реңкте болады, жастауы болса, қызғылт-қоңыр түске ие.

"Еркектері 5-5,5 сантиметрге дейін өседі, ал ұрғашылары одан ұзынырақ - 6 сантиметрден асып жығылады. Шегірткенің жынысын кеудесіндегі төмпешікке немесе қанатына қарап ажыратуға болады. Олардың адамға ешқандай зияны жоқ", - дейді Ермеков.

Айта кетсек, Ақтау тұрғыны қаладағы №6 шағын аудандағы көпқабатты үйдің бірінің қабырғасында өрмелеп бара жатқан жәндікті суретке түсіріп алып, ол жергілікті басылымда жарияланған еді. Қала тұрғындары мұндай жәндікті бұрын-соңды көрмегендерін айтып, қорқып та қалған болатын.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр