| Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: |
| Бөлім: | Дананың сөзі – ақылдың көзі |
| Сабақтың тақырыбы: | Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңіндегі автор бейнесі |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Т/Ж3 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу |
| Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы: көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.Оқушылардың көбісі: тура және жанама мінездеулердің ерекшелігін дәлелдейді.Оқушылардың кейбірі: тура және жанама мінездеулерді жіктеудегі ақын шеберлігін зерттейді. |
| Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:-Тіл мен мәдениет;-Өмір бойы білім алу.Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. |
| Пәнаралық байланыс: | Тарих, қазақ тілі ,дене шынықтыру |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Электронды оқулық,интерактивті тақта |
| Бағалау критерийлері: | Тура және жанама мінездеулерді біледі және толғаудан анықтап, талдайды. |
| Тілдік мақсаттар: | Тура,жанама мінездеулер, автор бейнесі,ақын шеберлігі |
| Осыған дейін меңгерілген білім | Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңі |
Сабақ барысы |
| Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурс |
| Сабақтың басы | Қызығушылықты оятуҰйымдастыру кезеңі.«Қағаз қиындылары» арқылы топқа бөлуПсихологиялық ахуал қалыптастыру: «Ақ тілек» | |
| Сабақтың ортасы | Талқылауға арналған сұрақтар:-Автор бейнесін қалай елестетесің?-Толғауда жақсы мен жаманның орны,ағайынның арасы қалай берілген?ЖЖ. «Кластер» әдісіАқын образына кластер құрастырыңдар.(оқулықты пайдалана отырып,шығарма тілімен) Қалыптастырушы бағалау: Смайликтер арқылы 1-тапсырма. Өлеңнен автордың ойын, көзқарасын білдіретін үзінділерді белгілеп, кестеге толтыр. Кестемен жұмыста автордың ойын, көзқарасын, жанашырлығын өз сөзіңізбен түсіндір. 2-тапсырмаШығарма авторының бейнесін сипаттайтын түйінді ойларыңды үш сөйлеммен жеткізіңдер.------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Кейіпкер портретіОқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді. | |
| Сабақтың соңы | Кері байланыс«ҚҚҚ кестесі» | |