АҚШ-та миы өлі деп танылған әйелден ұл бала дүниеге келді

18.06.2025 17:21
0
АҚШ-та миы өлі деп танылған әйелден ұл бала дүниеге келді
Фото: 11alive.com
АҚШ-та ерекше медициналық жағдай тіркелді: миы өлі күйде болған әйел шұғыл түрде босанып, ұл бала өмірге әкелді.

13 маусым күні дәрігерлер шұғыл кесар тілігін жасап, салмағы шамамен 830 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді.

Сәбиге «Чэнс» (аудармасы – «Үміт», «Мүмкіндік») деген есім берілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың әжесі оның жағдайы тұрақты екенін, бірақ алда әлі де өмір үшін күрес күтіп тұрғанын айтты.

11alive.com мәліметінше, нәрестенің анасы — Атланта қаласының тұрғыны, 31 жастағы медбике Адриана Смит — биыл 19 ақпанда миы өлі деп танылған. Сол сәтте ол жүктіліктің 8-аптасында болған. Дәрігерлер оның ағзасын аппараттардың көмегімен тірі күйде ұстап тұруға шешім қабылдап, төрт ай бойы өмірлік маңызды функцияларын жасанды түрде қамтамасыз етті. Бұл шара құрсақтағы баланың толық дамуына мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий