KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақшаға дұға сататын блогер тағы да еңіреп жылады

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода Аякөз Асқарова еңіреп отырып:
 

«Уатсабым блокқа кетіп қалды. Қаншама еңбегім, қаншама заказым сонда еді. Раббым, Патшам осылай қалаған соң, мұның артында да бір рақымы бар шығар», – деп жылап жеткізді.

Аякөздің бұған дейінгі әрекеттері де қоғамда қызу талқыланған болатын. Ол түрлі «дұға» сатып, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіп жүргенімен, көпшілік тарапынан сынға ұшыраған. Желі қолданушылары бұл жолы да оның әрекетін екі түрлі қабылдап, бірі мүсіркесе, енді бірі қатты сынаған пікірлер қалдырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →