Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері - Ақша, кредит және банктер - Рефераты на казахском языке - Библиотека
25.11.2019
11:44
0
0
Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХУ-ХУІІ ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- ақша айналымын ақша-кредит тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының кредиттік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының кредит операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Скачать реферат/Рефератты жүктеу
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ