KZNews.kz
Қазақша рефераттар

Ақша туралы реферат

KZNEWS

Тақырыбы: Ақша

Жоспары:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    • Ақшаның қалыптасуы

    • Ақша мәні

    • Ақшаның қызметі

    • Осы күнгі ақша




 Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы – экономикалық теория.

Экономикалық теория негізінің маңызды факторларының бірі ақша болып табылады.

Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі.

Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болды.

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай санының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2) онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар  жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни, ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі:


Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарды: алтын мен күміс. Бұл биметаллизм дәуірі болды. Монометализм кезінде ақша материалы ретінде тек алтын пайдаланылды. 1923-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс монометализм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:

Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Тауарды сатып алу, сату процесінде қолма-қол ақшаның  орын алмауы да мүмкін. Оған себеп, тауарды өндірудегі өндіріс процесінің, сатудағы айналыс процесінің ұзақтықтары түрліше. Ал кейбір тауарларды өндіру мен сату процесі белгілі бір маусымға т.б. байланысты жағдайда болады.

Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар шеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.

Ақшаның негізгі нысаны тиындар, қағаз ақшалар мен кредиттік ақшалар болып табылады. Тиын – бұлар ерекше нысандағы, металл құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп атайды. Оларға сондай-ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады. Кредиттік ақшалар – бұлар вексель, банкнот және чектер. Вексель – бұл оның иесіне мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін, қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот – бұл ұсынушы барлық уақытта ақша ала алатын және банкир жеке векселді ауыстыратын, банкирдің векселі. Чек – банк шотынан бір адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген құжат.

Тауар-ақша қатынасының ұлттық шеңберден шығып, дүниежүзілік рынокты қамтамасыз етуі оның дүниежүзілік қызметін көрсетеді. Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен байланысты ол өзінің «ұлттық мундирін» алып тастап, алғашқы бағалы металдар қорытпасы түрінде қызмет атқарады. Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады: 1) халықаралық төлем құралы; 2) халықаралық сатып алу, сату құралы; 3) қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.

Қағаз ақшалар өте ертеде, ең алғаш Қытайда даму алған. Олардың металл ақшалар айналысынан, айналыс құралы ретінде атқаратын қызметінен шыққан. Өйткені металл ақшалар айналыс қызметін атқара отырып, тұтынуда тозады, салмағы кемиді, құн азаяды. Монеталардың номиналдық және нақты мазмұны арасында айырмашылық пайда болады. Сөйтіп келе-келе олардың орнын қағаз ақшалар басқан. Егер қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу қабілеттілігі олардың номиналдық алтын мазмұнына сәйкес келетін болады. Ал егер ақша массасы тауар массасынан көп шығарылса, онда ол құнсызданады, инфляцияға ұласады.

Айналым және төлем құралы ретінде ақша қызметінен мынадай қорытынды шығады: ақша өзі үшін емес, тауарларды айырбастауды және адамдар арасындағы қызметті қамтамасыз ету үшін керек. Яғни, бұл, экономикада тауар мен қаржы көлемі арасындағы теңдікті сақтау қажет екенін көрсетеді. Ақша айналымының мәні осымен қорытындыланады. Сонымен бірге әрбір ақша бірлігі осы аталған уақыт ішінде, бірқатар тауар мәмілелеріне қызмет ете отырып, қолдан-қолға бірнеше рет көшуі мүмкін. Ақша неғұрлым тез айналған сайын, соғұрлым, айналымға ол аз талап етіледі. Осыдан ақша айналымы заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық тауарлардың бағасының құнына теңеледі.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, төлемдік есеп беру және кредиттік тетіктерді біріктіретін, кредит карточкасын қолдану кеңінен тарады. Кредиттік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін орындайды.

Қазіргі уақытта электрондық ақша деп аталатын кеңінен қолданылады. Электрондық ақша жүйесі бірнеше элементтерді өзіне қосады: автоматтандырылған есеп беру палатасын, автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет көрсету пункттерінде орнатылған, терминал жүйесін.

Ақша техникалық құрал емес, ол экономикалық категория адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді. Ақша қатынасының сипаты тауар өндірісінің типімен анықталады. Сондықтан ақшаның қызметінің әр қилы өндіріс тәсілдеріне ұқсастықтарына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық мәнінде ерекшеліктер орын алды.

         Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері»;

  2. Темірбекова А. «Экономикалық теория».

#ақша #теңге #теңге доллар #Теңге ілу #ақша нарығы #ақша нарығындағы тепе-теңдік #ақша нарығының төлем құралдары #ақша нарығы реферат #ақша нарығының функциялары #ақша нарығының құралдары #ақша нарығы және капитал нарығы #ақша қызметтері #ақша қызметтерінің қайсысы дұрыс айтылмаған #ақшаның қызметтері және түрлері #ақша түсінігі #ақша жүйесінің түсінігі және типтері #ақша түсінігі түрлері #ақша нарығының түсінігі #ақша нарығы презентация #ақша нарығының маңыздылығы #ақша нарығының төлем құралдарына сипаттама беріңіз #ақша жүйесінің мәні түрлері #ақша жүйесінің элементтері #ақша жүйесінің құқықтық негіздері #ақша жүйесінің құқықтық негіздерінің өзекті мәселелері #ақша жүйесінің институттары #ақша жүйесінің элементтер #ақша жүйесінің қызметтері #ақша жүйесінің түсінігі #ақша жүйесінің құқықтық негіздері презентация #ақша жүйесінің басты құралы теңге #ақшаға сұраныс #ақшаға сұраныс факторлары #ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы #ақшаға сұраныс пен ұсыныс #ақшаға сұранысқа әсер ететін факторлар #ақшаға сұраныс пен ұсыныс презентация #ақшаға сұраныс презентация #ақша сұранысы #ақшаға деген сұраныстың монетаристік тұжырымдамасы #ақшаға сұраныс ақша нарығы #ақша ұсынысы #ақша ұсынысының молаюы #ақша ұсынысы дегеніміз #ақша ұсынысы формуласы #ақша ұсынысы ms құраушысы #ақшаға сұраныс және ұсыныс #ақша өндіру туралы талап арыз #несие ақшалар қандай қызмет атқарады #несие ақшалар бұл #несие ақшалар #несиелік ақшалардың түрлері #ақша айналысының заңы #ақша айналымының заңы #теңге алу #теңгенің шығу тарихы #ақша есебінің міндеттері #ақша есебі #ақша қаражаттарының есебі #ақша қаражаттарының есебі курстық жұмыс #ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру #ақша қаражаттарының есебі мен аудиті #ақша қаражаттарының қозғалысының есебі #ақша қаражаттарының есебін жүргізудің міндеттерін талқылау #банктегі ақша қаражаттарының есебі #валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі #банктегі ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі #вексельдер мен есеп айырысу #ақша айналымын басқару #ақша айналасын тұрақтандыру тәсілі #ақша айналысының эволюциясы #ақша айналысы және эмиссиясы #ақша айналысы #ақша айналысының факторларына не жатады #ақша айналасына сипаттама #ақша жүйесі #ақша жүйесін тұрақтандыру #ақша жүйесі туралы заң #ақша жүйесі бұл #ақша жүйесі слайд #ақша жүйесі элементтері #ақша жүйесі презентация #ақша жүйесі түсінігі және типтері
KZNEWS
Автордың басқа материалдары