KZNews.kz
Басты тақырып

Ақша бопсалаған: Қызылордада танымал блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Еркебұлан


Қызылордада танымал блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта блогердің жергілікті құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалағаны үшін ұсталғаны айтылған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жарияланбайды", — делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған екі блогер ұсталғаны туралы жазған едік.



Еркебұлан
Автордың басқа материалдары