KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

АҚШ-та коронавирустан болған өлім санынан тағы да рекорд тіркелді - Қазақстан жаңалықтары

• Әлихан

АҚШ тәулік ішінде коронавирустан болатын өлім саны бойынша жаңа "антирекорд" орнатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған деректі Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері куәландырады.

Бүгінгі таңда Құрама Штаттарда COVID-19-дан қаза тапқандар саны 14 768 адамға жетті. Соңғы тәулік ішінде 1965 адам коронавирустан көз жұмды.

АҚШ-та коронавирусты өлім-жітімнің бірінші рекордтық саны 4 сәуірде тіркелді, ол кезде 1334 адам көз жұмды. Ал кешегі дерек бойынша 1736 адам көз жұмды.


stan.kz
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →