Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ-та атыстан үш адам қаза болған

АҚШ-та атыстан үш адам қаза болған

АҚШ-та жұманың кешінде Лос-Анджелестің іргесіндегі Торранс қалашығында боулинг-клубта болған атыс салдарынан үш адам қаза тауып, төрт кісі жараланған деп хабарлады CNN. Бұған дейін қала полициясы "қаза болғандар бар" деп хабарлағанымен олардың санын айтпаған еді.

Куәгерлердің бірі оқиға орнынан Facebook әлеуметтік желісінен тікелей трансляцияда көрсеткен видеода еденде сұлқ түсіп жатқан қанға бөккен адам бейннеленген.

Оқиғаның тағы бір куәгері The Los Angeles Times басылымына атыс алдында төбелес болғанын айтқан.

Полиция боулинг-клубтың төңірегін қоршауға алған. Оқ атқан адам туралы әзірше ресми ақпарат жоқ.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Мадияр