Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Қазақстаннан келетін тауарларға қосымша 25% баж салығын енгізді

АҚШ Қазақстаннан келетін тауарларға қосымша 25% баж салығын енгізді
Фото: kursiv.media

АҚШ билігі жариялаған тізімде Қазақстан да бар. Жаңа тәртіпке сәйкес, енді Қазақстаннан АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға қосымша 25% көлемінде баж салығы салынады.

Бұл шешімнің негіздері:

  • Қазақстан АҚШ-пен өзара сауда теңгеріміне (reciprocity) қол жеткізбеген елдер қатарында;
  • Сауда және қауіпсіздік салаларында тиісті келісімдер жасамаған немесе келіссөздерді жеткілікті деңгейде жүргізбеген мемлекеттер қатарына жатқызылған.

АҚШ әкімшілігі бұл тариф мөлшерін орташа жоғары деңгей ретінде бағалап отыр. Ал Қытайға қатысты баж салығы жеке тәртіппен қарастырылатын болады.

Жаңа тарифтік тізімге енген елдердің қатарында:

  • Үндістан, Малайзия, Индонезия және Тайландқа – 19–25% аралығында;
  • Лаос пен Мьянмаға – 40% мөлшерінде баж салығы енгізілген.

Жарлықта АҚШ-тың ұзақ жылдан бергі сауда тапшылығы, яғни импорт көлемінің экспорттан асып кетуі, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық мүдделерге қатер төндіреді деп көрсетілген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.