KZNews.kz
Әлем

АҚШ президенті Дональд Трамптан жазылмайтын дерт анықталды

Ayzhan Sylanova
Фото: AP/ Evan Vucci

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша, Трампта терең көктамыр тромбозы немесе артериялық ауру белгілері анықталмаған. Оның қолындағы көгерулер жиі қол алысу мен аспирин қабылдаудан туындаған. Бұл – аспирин терапиясының белгілі және қауіпсіз жанама әсері екені айтылды.

Левит бұл ақпараттың жариялануы Трамптың денсаулығына қатысты тарап кеткен түрлі қауесеттерге нүкте қою үшін қажет болғанын атап өтті. Қазіргі таңда 79 жастағы саясаткердің жағдайы «жақсы және тұрақты» деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, сәуір айында жарияланған медициналық есепте мұндай диагноз көрсетілмеген. Ол кезде оннан астам маман қатысқан тексеру қорытындысы бойынша қан айналымы қалыпты, ісіну мен қозғалыс шектеулері байқалмаған.

Mass General Brigham ауруханасының қан тамыр хирургі Анаита Дуа бұл аурудың толық жазылып кетпейтінін айтты. Оның сөзінше, Трамптағыдай жағдайлар, әдетте, жеңіл немесе орташа деңгейде өтеді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары