Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Қытай арасында келіссөздер жанданды

АҚШ пен Қытай арасында келіссөздер жанданды

Қытай және АҚШ сауда-саттық саласында өзара түйткілді мәселелерді шеше бастады. Бейсенбі күні Қытайдың сауда министрлігі осылай деп хабарлады. 8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де Қытаймен арадағы келіссөздердің ойдағыдай жүріп жатқанын жазған. Сауда-саттыққа байланысты екі жақ арасындағы келіссөздер желтоқсан айының басында Аргентинада өткен "үлкен жиырмалық" (G20) елдердің саммитінен кейін жанданған. Қытай басшысы Си Цзиньпин сауда-саттықтағы теңсіздіктерді жоюға, АҚШ-тан ауыл шарушалығы және өзге тауарларды сатып алуға уәде берген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп екі тарап 90 күн ішінде түйткілді мәселелер шешілсе, 1-ші қаңтардан бастап, жылына 200 миллиард долларлық қытайдан келетін импорттық тауарларға баж салығын көтермеуге келіскен.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Арман