«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Араб елдері жаңа әскери альянс құрмақ

АҚШ пен Араб елдері жаңа әскери альянс құрмақ

АҚШ пен Таяу Шығыс елдері жаңа әскери альянс құрмақ.

«Неміс толқыны» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ пен Араб елдері НАТО-ға ұқсас MESA әскери альянсын құрмақ.

Желтоқсан айының 9-ы күні Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Жубейр аталмыш мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, қазіргі таңда Араб елдері Таяу Шығыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында АҚШ-пен бірлесіп жаңа әскери стратегиялық альянс құру үшін келіссөздер жүргізуде.

«Біздің басты мақсатымыз – Таяу Шығыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты келісімге келу. Бұл өз кезегінде аймақты сыртқы күштердің арандату әрекеттерінен қорғайды және АҚШ-пен қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді» - деп мәлімдеді әл-Жубейр.

Айта кететін бір жайт, қазіргі уақытта аймақта Түркия, Ресей, Иран үштігі бірігіп іс-қимылдар жасауда. Атап айтқанда Анкара, Мәскеу, Теһран Сүрия мәселесінде күш біріктіріп, кез келген әскери операцияларын өзара келісім арқылы жүзеге асыруда.

"The Qazaq Times"

Автор
Санжар