Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ әскерін Ауғанстаннан не үшін шығармайды?

АҚШ әскерін Ауғанстаннан не үшін шығармайды?

Астана. 10 желтоқсан. KAZISLAM – АҚШ әскері 2001 жылдың 11 қыркүйек күні болған теракт қайталанбауы үшін Ауғанстанда қалады. Бұл туралы The Washington Post ұйымдастырған конференцияда АҚШ Қарулы күштері Штаб басшылары комитетінің төрағасы Джозеф Данфорд мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарса, Оңтүстік Азияда тұрақсыздық жайылады, сонымен қатар террористік топтар күшейіп, «АҚШ территориясындағы америкалық халыққа қарсы операцияларын жалғастырауына» мүмкіндік туады.

«Егер қазір де олардың осындай ниеттері бар болса, 11 қыркүйек күні куә болғанымыздай, келешекте оларда осы ойларын іске асыру мүмкіндіктері туады» деп атап өтті америкалық генерал.

Еске салсақ, Пентагон бағамдауынша, Ауғанстандағы соғысқа АҚШ $680 млрд қаражат шығындаған. Әскери кампания барысында 2,35 мың америкалық әскери мерт болып, 20 мыңнан аса әскери жарақат алды.

Автор
Санжар