KZNEWS.KZ
Әлем

АҚШ-тың екі әскери ұшағы әуеде соқтығысты

• Асқар Алтайұлы
Кадр видеодан алынды

АҚШ-тың Айдахо штатында өткен Gunfighter Skies авиашоуы кезінде әуеде екі әскери ұшақ соқтығысты. Оқиға Маунтин-Хоум әскери әуе базасында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлер түсірген видеода әскери ұшақтардың көрсетілім ұшуын орындап жатқан сәті көрінеді. Бір мезетте екі әуе техникасы бір-бірімен соқтығысып, артынша жарқыл пайда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі экипаж да дер кезінде катапульт жасап, аман қалған.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, оқиғаға EA-18G Growler үлгісіндегі ұшақтар қатысқан. Олар демонстрациялық топ құрамында өнер көрсеткен.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Оқиғаға байланысты АҚШта тергеу басталды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →