KZNews.kz
Жаңалықтар

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл әуежайынан ұшып шыққан UPS компаниясына тиесілі MD-11 жүк ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Борт Гонолулу қаласына бағыт алған, алайда ұшқаннан кейін бірден биіктігін жоғалта бастаған.

Кентукки штатының губернаторы Энди Беширдің мәліметінше, апат салдарынан кемінде жеті адам қаза тапқан.

Алдын ала деректерге сәйкес, ұшақ от алып тұрған қанатымен әуеге көтерілген. Құлау кезінде күшті жарылыс болып, алып от шарындай жалын шыққан. Тілсіз жау ұшу-қону жолағынан тыс бірнеше ғимаратқа тараған.

Ұшақтың бортында 38 мың галлон (шамамен 140 мың литр) авиаотын болған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары