Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ-та бір күнде екі ауыр шабуыл болды

АҚШ-та бір күнде екі ауыр шабуыл болды
Фото: Бейнежазбадан кескін

АҚШ-та бір күннің ішінде болған екі шабуыл қоғамды дүр сілкіндірді. Сарапшылар бұл оқиғалар Таяу Шығыстағы соғыс аясындағы шиеленістің АҚШ ішіндегі қауіпсіздік ахуалына да әсер ете бастағанын көрсетеді, деп хабарлайды Kznews.kz. 

Алғашқы шабуыл Мичиган штатындағы Уэст-Блумфилд елді мекенінде тіркелді. Reuters дерегінше, Ливанда туған, кейін АҚШ азаматтығын алған 41 жастағы ер адам жүк көлігін Temple Israel синагогасының ғимаратына және оның жанындағы мектепке дейінгі балалар орталығына қарай айдап кірген. Салдарынан өрт шығып, қалың түтін тараған. Оқиға кезінде орталықтағы 140 бала аман-есен сыртқа шығарылды. Бір күзетші жарақат алып, шамамен 30 құқық қорғау қызметкері түтіннен зардап шеккен. Шабуылдаушы сол жерде қаза тапты.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы бұл шабуылды еврей қауымына қарсы бағытталған зорлық әрекеті ретінде қарап жатыр. Тергеу барысында күдіктінің Ливандағы жақындары жуырда Израильдің әуе соққысынан қаза тапқаны белілі болған. Алайда әзірге ресми органдар шабуылдың нақты уәжі жөнінде түпкілікті қорытынды жариялаған жоқ.

Сол күні Вирджиния штатындағы Норфолк қаласында орналасқан университеттерінің бірінде тағы бір қанды оқиға болды. Бұрын «Ислам мемлекеті» ұйымын қолдағаны үшін сотталған ер адам университеттің аудиториясына кіріп, оқ жаудырған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Шабуылдаушыны әскери дайындықтан өтіп жүрген ROTC студенттері тоқтатып, ол да оқиға орнында мерт болған. ФБР бұл істі террорлық сипаттағы шабуыл ретінде тергеп жатыр.

Бұл екі оқиға АҚШ қоғамын бекер шошытқан жоқ. Өйткені АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққыларынан кейін және Иранның жауап әрекеттерінен соң ел ішінде діни және этникалық негіздегі қауіпсіздік қатері күшейгені жиі айтылып жүр. Қазір еврей ұйымдары да, мұсылман қауымдары да сақтық шараларын арттырған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер